Павлодар колониясынан дзюдо чемпионының өлі денесі табылды
Павлодар облысындағы колониялардың бірінде бірнеше дүркін ҚР чемпионы болған дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовтың өлі денесі табылды. Бұл туралы Total.kz хабарлады.
“Бақытжан Әбдікәрімовтің денесін таңғы сағат жетіде колония қызметкері тапты. Біз оқиға фактіне сәйкес, ішкі істер органын шықрдық”, – дейді колониядағыларға тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің басшысы Борис Гаврилюк.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі өз кезегінде сотталушының АП-162/3 колониясында өзіне қол жұмсағанын хабарлады.
2015 жылы Әбдікәрімов Павлодар облысының тұрғындарына дене жарақатын тигізгені үшін сотталған болатын.
Талқылау