Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар кафесіндегі шу тудырған порно роликтің бас кейіпкері жазадан құтылып кетті

Әлеуметтік желі қолданушыларын өзінің порнографиялық іс-әрекетімен шошытқан 28 жастағы павлодарлық әйел жазадан сытылып, елден кетіп қалды.

9898

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

“Қыз қазір Қазақстан аумағынан тыс жерде. Сонымен қатар, зерттеу барысында оқиға жарияланамын дегенге дейін біраз уақыт бұрын болғаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапқа тартудың өзіндік мерзімі бар. Ал бұл ереже бойынша бұл мерзім аяқталып кеткен”, – деді ІІД басшысы Марат Қожатаев.

Бұл ретте ІІД басшысы бұған дейін тәртіп сақшылары қызды зинақорлығы үшін неліктен жазалағанына қатысты түсінік бермеді. Анықталмаған ақпарат бойынша, павлодарлық Ресейде тұрады. Осылайша жаппай шу тудырған порно роликке қатысты тексеру тоқтатылған. Ал бұған дейін облыстық ішкі істер департаменті желі қолданушыларының наразылығын тудырған видеоға байланысты “кішігірім бұзақылық” бабы бойынша айып тағылып, іс қозғалғанын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар неліктен әдейі адам өлтіруге құмар: Прокурор басты себептерді айтты

Аса қауіпті қылмыскерді ұстағаны үшін екі полицей жұмыстарынан қуылған

Мағжан Жұмабаевтың құпияланған қолжазбасы Астанадағы көрмеге қойылады

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Талқылау