Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтар автокөлікті өртеген адамды өздері жазаламақ болған

Павлодар қаласының тұрғындары қала аулаларының бірінде автокөлікті өртеп кеткен адамдарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарлықтардың көлікті өртеген ер адамды ұстағаны Instagram-да жария болды.

Куәгерлер белгісіз ер адамды сол жерде ұстап алып, оны өздері жазаламақ болған.

Жанып жатқан машина бірнеше метр жерде тұрған.  

"Мен көлікті өртеп жібердім", - дейді видео авторы.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі автокөліктің өздігінен өртенбегенін растады.

"29 қарашада 00.22-де Гагарина көшесі, 76/3 мекен жайында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер үйдің ауласына 1999 жылғы Nissan Cefiro көлігіндегі резеңке бұйымдар 0,5 шаршы метр жерде жанып жатты. Өрт сөндірілді. Себеп - қасақана өртеу", - деп түсіндірді облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сарапшылар келтірілген шығынды анықтайды.  Полиция қызметкерлері де оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Бұл факт тіркелді. Тұлға анықталды. Тексеру жүргізілуде", - деп атап өтті облыстың ДП баспасөз қызметі.

Талқылау