Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пашинянның үндеуі Арменияның ҰҚШҰ-дан шығатынын меңзейді": Ресейлік депутат күдігі барын жасырмады

Никол Пашинян Ресейдің 102-ші әскери базасын Гюмриден шығаруды талап етпек. Аталған пікірді ресейлік Мемлекеттік Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Govoritmoskva басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Пашинянның үндеуі Армениядағы Ресейдің ықпалын толығымен азайтуға бағытталған қадамдарын білдіреді. Бұл әрі қарайғы әрекеттердің алғы сөзі. Ертең не болатынын білмеймін. Бірақ Пашинянның ҰҚШҰ-дан шығу және Ресей базасын Гюмриден шығару туралы үндеуін естідік. Алайда ол отандастарын баяғыда тастап кеткен және оларды сөз жүзінде қорғамақ емес", – деді депутат.

Никол Пашинян халқына жасаған жолдауында Арменияның қауіпсіздік құрылымын қайта құру керегін айтты. Оның айтуынша, соңғы кездегі оқиғалар елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздік құрылымын қайта құру қажет екенін көрсетті.

Пашинян Әзірбайжанның әскери әрекеті "қарым-қатынастардың дипломатиялық этикасын, барлық дұрыстық нормаларын, келісімдер бойынша қабылданған міндеттемелерді" бұзатынын айтты.

2023 жылдың қаңтарында Армения билігі өз аумағында ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тартып, оны "орынсыз" деп атады. 5 қыркүйекте Армения өзінің ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілін шақыртып алды.

Талқылау