Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Қазақстанның Олимпиададағы алғашқы жүлдегері миллионер атанды

Қазақстандық спортшы Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында екі спорт түрінен сәтті өнер көрсетіп, миллионер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: olympic.kz

Александра Ле Ислам Сәтбаевпен бірге Қазақстан құрамасының Олимпиададағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды. Олар пневматикалық мылтықпен 10 метрден ату бойынша үшінші орын иеленді. Сонымен қатар Александра жекелей сында финалға өтіп, алтыншы орынға ие болды.

Заң бойынша Қазақстанда Олимпиада ойындарында қола жүлдеге 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ал алтыншы орын үшін спортшыларға 5 мың доллар көлемінде қосымша жарна төленеді. Осылайша, Александра Ле Париждегі Олимпиада ойындарында 80 мың доллар, яғни 37 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.


"Бұл – менің соңғы Олимпиадам": Қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев жарыстағы әсерін бөлісті


Айта кетейік, 1 тамызда Александра үш позициядан мылтық ату (50 метр) бойынша сайысқа шығады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Париж олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін пневматикалық мылтықтан ату бойынша Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жеңіп алғаны туралы жазған едік. 

Талқылау