Париж-2024: Қазақстандық ескекші ширек финалға шықты
Ескек есуден Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын Бекарыс Раматулла ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париждегі олимпиада ойындарында 1000 метрге байдаркада есуден ерлер арасындағы іріктеу турнирі өтті. Бұл спорттан өнер көрсеткен Бекарыс Раматулла өз тобында мәреге алтыншы болып келді. Енді ол турнирдің ширек финалында сынға түседі. Ширек финалда алғашқы екі орынға ие болған жағдайда тікелей жартылай финалға жолдама алады.
Айта кетейік, бүгін Париж олимпиадасында өнер көрсететін спортшыларымыздың екеуі алтын жүлдеге таласады. Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай алтын жүлде үшін айқасады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

