Пара Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тағы 4 медаль алды
Азия ойындарында қазақстандық төрт спортшы екі қола мен күміс медальді жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет министрліктің телеграм арнасынан
Жалғас Тайкенов каноэда екінші орын мен күміс медальді иеленді. KL3 класы, нәтиже -43,369 секунд. 200 метр қашықтықта каноэмен жұптасып жарысқан Сыпатай Бибарыс та екінші орынды иеленді.
Пауэрлифтингші Гүлім Құрманбаева қола жүлдегер атанды. Бойжеткен 45 келі салмақ дәрежесінде 91 келіні көтере алды.
Ал жүзуден (S12 сынып) Роман Потапов ерлер арасында 100 метрге арқамен жүзуде 1:10.25 уақытпен қола жүлдегер атанды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”