Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пандемия әлемдік қаржы жүйесін жойып, жалпы бақылау орнату үшін жасалған": Желідегі ақпарат қызу талқыға түсті

Қазақстандық желі қолданушылары "Локдаун планетасы" фильмінен алынған үзіндіні таратуда. Видеода инвестициялар жөніндегі маман Кэтрин Остин Фиттс пандемияның әлемдік қаржсы жүйесін жойып, адамзатты бақылау үшін ұйымдастырылған деп мәлімдеген. Алайда бұл дәлелденбеген жалған ақпарат, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Пандемия фейк

"Локдаун планетасы" фильмін жалған ақпараттар көп болғандықтан You Tube платформасы бірден бұғаттаған. Солардың ішіндегі ең басты теория COVID-19 пандемиясының жоспарланды деген дұрыс емес. Себебі ғалымдар SARS-CoV-2 коронавирусын бөліп, геномын ашқан. Зерттеу нәтижесінде патогеннің табиғи ортада пайда болады деген қорытындыға келген, себебі мұнда тірі ағзадан тыс жерде жүрмейтін мутациялар болады. 

Видеода Кэтрин Остин Фиттс бірнеше тезисті келтірген. Солардың бірі пандемия қолма-қол ақша жойылып, цифрлы ақша жүйесіне ауыстыру құралы дейді. Алайда қазір криптовалюталар әлемде кең қолданылмайды. Ол тек бірнеше елде ғана заңдастырылған. Яғни цифрлы ақша келешекте басқаларын ығыстырады деуге келмейді. 
Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі 1990 жылдардан басталған. Ғалымдардың ойынша, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемінің артуы қолма-қол ақшаны толығымен жоя алмайды.

Фиттс айтқан бірыңғай валюта "Жаңа әлемдік тәртіп" конспирологиялық теориясының бір бөлігі болып табылады және ол бұрыннан айтылып келеді. 

Кэтрин Остин Фиттс видеода вакцинаны адамдарға бақылау орнатудың құралы деп атайды. Дегенмен бұл теория да өткен ғасырдың 80-жылдарында пайда болған, бірақ әлі дәлелденбеді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 28 Қазан, 2021 14:00
Талқылау