Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемия жолаушы тасымалына қалай әсер етті: Тоқаев ҚТЖ басшысына тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚТЖ-ның ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жұмысының нәтижелері туралы ақпарат берілді.

Сауат Мыңбаевтың айтуынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға артты, Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы көлемі едәуір өсті, осыған байланысты мемлекетаралық бірлескен пункттердің өткізу қабілетін арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

ҚТЖ басшысы пандемияның жолаушылар ағынына әсері туралы айтты. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе азайды. Осыған қарамастан, компания жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізу және жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Талқылау