Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Пәктікті сатып алған» келіншек күйеуін алдағанына өкініп жүр

Бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған Гүлнар (есімі өзгертілген) тұрмысқа шығатын кезде күйеуін алдауға мәжбүр болғанын жасырмайды. Ол студент болып жүрген кезде өзі ғашық болған жігітпен жақындасып қойған. Кейіннен ол сүйіктісі өзгемен көңіл қосып, Гүлнарға бірге бола алмайтынын айтыпты.

әйел
Өзі алдаған күйеуінен бір ұл, бір қыз көріп отырған келіншек осы қылығы үшін қатты ұялатынын, күн өткен сайын ары тыныштық бермей жүргенін айтады. Гүлнар мұндай қателікті өзгелер қайталамасын деген мақсатта көпшілікке ашық айтуға шешім қабылдады.

-Өзіңіз сүйген адаммен неге бірге бола алмадыңыз?

-Негізі өзімді сүймеген адамға қалайда ұнауға тырыстым. Барымды салдым. Махаббат сезіміне мас болып жүріп, тек пәктігімді емес, мен ол жігіт үшін жанымды беруге де дайын едім. Қалай да оны өзіме ғашық етіп, менімен қалдыруды ойладым. Мұным үлкен қателік екен. Адамға ұнау үшін әрекеттенген сайын қадірің қалмайды екен. Кейіннен әрине өкіндім. Қазір де өкінемін. Басында ұнатпаған адамды ешқашан қинаудың қажеті жоқ екенін кеш түсіндім. Ол өзгені сүйетінін айтып, өз жолымен кетті. Басында тек ұнататынын айтатын. Кейіннен өзім де мазасын алып, жалықтырып, шаршатып жіберген шығармын…

-Күйеуіңізді шын сүйіп қосылдыңыз ба?

-Әрине. Алғашқы жігітіме деген сезімім студент кездегі ессіз ғашықтық шығар. Күйеуімді оқуды бітіріп, жұмыс істеп жүрген кезде, ақыл тоқтаған шақта жолықтырдым. Оны көрген кезде мені бақытты ететін адам деп бірден білдім. Себебі, сабырлы, білімді, өте қарапайым жігіт.Ол сезімін білдірген кезде махаббаттан аузы күйген мен еш, көңіл бөлмейтінмін. Өзімнен ұялатынмын.Туыстарым, «жасың келді тұрмысқа шық» деп қыстайтын. Қысқасы, мен өзімді қалаған жігітке өткенім туралы айтуға ұялдым. Оның жанын жаралап, көңілін қалдырғым келмеді. Мен жайлы адал деп ойласа екен дедім.

-Жасанды пәктікті қалай жасаттыңыз?

-Менің махаббат оқиғамды екі құрбым білетін. Солардың кеңесі бойынша гинекологқа бардым. Ұялмай пәктік жасатқым келетінін түсіндірдім. Дәрігер бірнеше нұсқасын айтып, бағаларын түсіндірді. Яғни үш күнге, бес күнге шыдайды деп айырмашылықтарын айтты. Екі жақтың ата-аналарын таныстырғаннан кейін, тойға дайындалдық. Осы аралықта біз бір-бірімізге жақындай бастадық. Сол кезде дәрігеріме барып, өзім қалаған затты жасатып алдым. Жігітім оның жалған екенін білмеген де шығар. Ол туралы сөйлескім де келмейді. Ұятым жібермейді. Кейіннен оның сөзіне қарасам, пәктікке қатал қарайтын адам емес екенін түсіндім. Бірде сондай жағдай жайлы сөз болып кетті, сонда оның айтқаны «Адамның тағдырында не жазылса сол болады, тіпті баласымен жесір қалған әйелді сүйіп қалсам, үйленуге батылым жететін еді» деді. Содан бері өз-өзімнен ұялып қалдым. Жасаған қылығым үшін.

-Сонда пәктік жасатқаныңызға өкінесіз ба?

-Нақты өкінемін деп айта алмаймын. Күйеуімді алдағаным үшін ұяламын. Кейде бар шындықты оған айтқым келеді. Батылым жетпейді. Екі балалы болып отырған кезде арамыз суып кетеді ма деп қорқамын. Себебі, күйеуім өтірік айтатын адамды ұнатпайтынын жиі айтып отырады. Әрі өзім жеңілдеу үшін оның жанына жара салып аламын ба деп қорқамын. Басында барлық мәселенің бетін ашып алуым керек еді. Бірақ, ол кезде де батылым жетпеген. Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза деген рас екен.

Алматы тұрғыны Гүлнар өз жағдайында жүрген қыздарға ешқашан жалған айтып, мәселеден құтылып кетпеуге кеңес береді. Себебі, өзіне ақиқатында бақыт дегеннің не екенін көрсеткен адамды алдағаны үшін, ары маза бермей жүр.

Оқи отырыңыз:

23-баласы дүниеге келген Сары Әулие енді тоқал алмайтынын айтты

Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды

Талқылау