Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда полиция 50 жастағы ер адамды 10 жасар қызға үйлендірмей қойды

Пәкістанда полиция 50 жастағы ер адам мен 10 жасар қыздың үйлену тойының алдын алды. 10 жасар қызды отбасы 4500 АҚШ долларына сатып жіберген екен. Заңсыз некеге жол бермек болған 11 адам тұтқындалды, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.

Полиция мәлімдегендей, 19 желтоқсан күні Пәкістандағы Синдх қаласында құқық қорғаушылар 50 жастағы Джитмал Мехар мен 10 жасар қыздың некеге тұрғалы жатқаны жөнінде хабар түскен.

Полиция қызметкерлері жергілікті неке рәсіміг өткізуші Мұхаммед Мехардың үйіне басып кіріп, үйлену тойына қатысушыларды тұтқындаған. Алайда күйеу жігіт қашып үлгеріпті.

10 жасар қалыңдықтың анасы Масмат Набиаттың айтуынша, ол бір кездері күйеуінің емін төлеу үшін қарыз ақша алған екен. Бірақ уақыты келгенде алған қарызын қайтара алмапты. Бастапқыда оларға қарызын қайтару үшін үйін сату ұсынылыпты. Мұнан кейін делдал отбасыға 10 жасар қызын Джитмал Мехарға тұрмысқа беруді ұсынған екен. Өз кезегінде 50 жастағы Джитмал Мехар отбасыға 7000 АҚШ долларын беруге әзір болыпты.

Шариғат бойынша неке рәсімін атқаратын дін қызметкері қалыңдықтың жасын білмегенін айтты. Оған тек некеге тұрғалы жатқан адамдардың есімі ғана айтылған екен.

20 желтоқсан күні тұтқынға алынған азаматтар сот алдында жауап берді. Сот қызды атасының үйіне жіберу туралы үкім шығарып, қалған айыпталушыларды тергеу соңына дейін қамауда қалдырды.

Пәкістан заңы бойынша, балалармен некеге тұрған азаматтар 2 жылдан бастап бас бостандығынан айырылады.

Оқи отырыңыз:

Қытайда мыңдаған көрермен алдында қылмыскерлер жаппай өлім жазасына кесілді (видео)

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Талқылау