Пәкістанда қолда ұсталған арыстан қашып шығып әйел мен оның балаларына шабуылдады
Фото: Видео кадрларынан скрин
Пәкістанда үйде асыраған арыстан көшеге қашып шығып әйел мен оның балаларына шабуылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RTVI порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Лахор қаласында болған. Жыртқыш аң иелерінен қашып шығып, қала көшелерінде еркін жүрген. Тар көшелердің бірінде ол әйелді қуып жетіп, арқасына секірген. Кейін оның 5 және 7 жастағы екі ұлына шабуыл жасаған.
Қалалық полицияның мәліметінше, арыстанның үш иесі ұсталған. Олар аңды ұстап алып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан кезде қолға түскен.
-
Алматы облысында қабаған иттер талаған баланың анасы ит иесін сотқа бермек
-
"Мазақ етіп, ызаландырды": Алматы облысында балаға шабуыл жасаған иттердің иесі өз нұсқасын айтты
RTVI-дің хабарлауынша, 11 айлық еркек арыстан тәркіленіп, жабайы табиғат паркіне жіберілген.
Талқылау