"Өзіңізді жек көресіз": Жарқынай Ханайым түсік жасатқысы келетін келіншекке ақыл айтты
Бойына біткен баласынан арылғысы келетін келіншек Жарқынай Ханайымнан кеңес сұрады. Жуырда "екінші балама жүктімін" деп жариялаған әнші түсік жасатқысы келетін оқырманына өз ақылын айтып, сабырға шақырды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Сондай-ақ, актриса барлығына қалай үлгеруге болатынын сұраған оқырманына жауап берді.
"Арманы көп адамды ештеңе тоқтата алмайды деп ойлаймын. Алла өмір беріп тұрғанда неге ол өмірден қалағаныңды алмасқа? Әрекетке берекет. Бәріне ұмтылып, өміріңді күннен күнге жақсарту немесе бәрін кейінге қалдырып өмір сүру өз таңдауың. Нәтижесі де солай.
Мен соншама қырып, жойып жатқан жоқпын. Тек қолымнан келеді-ау деген жерден бағымды сынап жатырмын. Бақ қай жақтан жанады, қай жерде өзіңді табасың оны тек жасап көріп білесің. Ешкімге ештеңені шектеуге болмайды. Біреудің сөзі деп басыңызды сұғып көруден бас тартпаңыз", - деді ол.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр