Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің мектептегі мұғаліміне үйленген 39 жастағы Франция президентінің басынан өткендері (фото)

Францияның жаңа президенті болып Эммануэль Макрон сайланды. Ол 66 пайыз дауыс жинаған.

3F8A384700000578-4437156-image-a-57_1492980868333

Эммануэль Макрон – бұрынғы экономика министрі және өте жас президенттердің бірі. Жасы 39-да. Бұл ретте адамдардың назары оның сырт келбетіне ғана емес, оның жеке өміріне де ауып жатыр. Макрон өзінен 25 жас үлкен, мектептегі мұғаліміне үйленген. Қазіргі таңда сол қарт әйелінің туған немерелерін бағып-қағып отыр.

zag-fin1

Макрон 17 жасында өзінің мұғалімі Бриджит Троньеге: “Сіз не істесеңіз де, мен сізге үйленемін” депті. Ол кезде әйел тұрмыста және үш баласы болған. Бірақ айтқанынан қайтпайтын жігіт өз арманына ақыры жетіп тынады.

1288

Бриджит Тронье 1953 жылы 13 сәуірде Амьен қаласында туған. Ол отбасындағы алты баланың кішісі. 21 жасында банкир Андре Луис Азиерге тұрмысқа шығады. Бала босанғаннан кейін жеке мектепте фрацуз тілі, әдебиеттен сабақ берген. Сол жерде ол Макронмен танысады: Бала роман жазуды армандап, өз мұғалімінің театралдық үйірмесіне барып жүріпті.

бриджит-троно

Макрон 15 жасында өзінің мұғаліміне ғашық болып қалады. Бұл 1993 жылдың мамыр айы екен.

FIRE

“Ол кастинке келген, мен оған қараған кезде оның соншалықты тартымды, келбетті екенін байқадым. Сөзсіз ол ешкімге ұқсамайтын. Ол жасөспірім болмады, ол ересектермен тең дәрежеде араласатын”, – дейді әйел.

1289

Мектептегі соңғы жылында Макрон Парижге келеді: өзінен жасы үлкен әйелге деген махаббатына алаңдаған ата-анасы ұлдарын ел астанасына аттандырыпты. Троньенің айтуынша, олар үнемі бір-біріне қоңырау шалып, сағаттап сөйлесіп тұрыпты. Француз телеарнасына берген сұхбатында ол жігіттің жүрегін жаулап алғанын мойындапты.

4102

Макрон үш бірдей ірі университетте білім алған: бастапқыда Батыс Париждегі Нантер-ля-Дефанс университетінің философия мамандығында оқыды. Содан кейін элиталық ұлттық мектеп әкімшілігінің аспирантурасына түскен. Кейіннен бірнеше жыл мемлекеттік қызметте істеп, содан соң Rothschild & Cie Banque банкінде банкир болып істейді.

940x857_1_404c9e1f0c7379bff70c71e32eaea707@940x857_0xc0a839a4_5775556711487093980

Олар ақыры 2007 жылы үйленді. Ол кезде Бриджит ажырасып жүріпті. Макрон бұ кезде Франсуа Олланд президент болып тұрған сәтте бас хатшының орынбасары болып жүріпті. Той сәтінде күйеу жігіт 29, ал әйел 53 жаста болыпты.

940x411_1_bb27230a33196f3dd5be1a334c94dee2@1140x499_0xc0a839a4_9083842501487093409

Кәсіби мансапта тез жоғарылаған Макрон өте тез көтеріліп, 2012 жылы президенттің экономика мәселесі бойынша кеңесшісі, ал екі жылдан соң экономика министрі болады.

883

Макрон әйелі Бриджиттің бірінші некесінен туған балалармен тез тіл табысады. Олар өздері Макронмен құрдас болып шыққан. Тіпті Бриджиттің немерелерімен де тез тіл табысып, оларды асырап-бағуға кірісіп кетеді.

592

Сайлау кезінде Тронье күйеуінің сайлауалды кампаниясында негізгі қызметті атқарып, бас кеңесшісі болған.

1359

Кезекті рет сөйлеп тұрған сәтте Макрон сахнада әйелімен сүйісіп, сезімін білдіреді: “Мен оған ерекше қарыздармын: оның арқасында мен қазіргі күніме жетіп отырмын” деді.

3125

Ал Макронның саяси бәсекелестері болса оның гей екенін, шынайы некесін жасыратынын жария етіп жүр.

3F89EE2600000578-4437156-Le_Pen_went_to_greet_her_supporters_after_the_initial_results_an-a-93_1492991105576

Президенттік дода кезінде Макрон өзінің басты қарсыласы Марин Ле Пенді басып озды.

Оқи отырыңыз:

Ең қарт альпинист Эверест шыңын бағындырмақ болған кезінде қайтыс болды

Назарбаев Францияның жаңа президентімен бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді

АҚШ-та бір моторлы ұшақ тура жолдың үстіне құлады (видео)

Сауд Арабиясында Жаратқанға сенбейтінін айтқан атеист өлім жазасына кесілді

Талқылау