"Өзінің күйеуі де ұрған": Блогер Sajol-дың лифтте түсірген видеосы қызу талқыға түсті
Танымал блогер Sajol актер Шәріп Серіктің атышулы видеосын қайталаймын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Желі жұлдызы қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Соңғы жаңалықтар мені таңғалдырды. Көп абьюзер жігіттер сырттан білінбейді екен. Өзімнің күйеуіме көз тимесін отбасылық өміріміздің бес жылында қол көтермек түгілі дауыс көтермеген. Жар таңдауда қателеспеу керек”, – деп жазды блогер.
-
"Менен аулақ жүр": Ырысбала Икрамбай өзін сөз еткен блогер Sajol-ға жауап берді
-
"Жұлқылағаны үшін ажырасып жатыр": Ырысбала Икрамбай сүйіктісіне қол көтерген Шәріп Серікті жақтады
Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін сынап, күйеуінің қол көтергенін есіне салып жатыр.
“Өзің де бір рет ажырастың емес пе?!”, “2023 жылы қайын ағам мен күйеуім ұрды деп шулатқаныңды ұмыттың ба?!”, “Біреудің жанды жеріне тигізіп не болды?!”, “Елге күйеуіңді қарабет қылдың ғой”, “Өзінің күйеуі де ұрған, соны ұмытып отыр” “Шәкентиді мазақ қылғандағы түрі ғой”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген еді.