"Өзіңе сөз арнау өте ауыр": Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына жазба арнап, көпшілікті жылатты
Танымал әнші Абай Бегей жастай тұрмыс құрған қызына арнап желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/abai_begei/
Өнер иесі қызын құдаларына аманаттап, күйеу баласына тапсырды.
“Симбиім, қызым! Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. "Қыз бала – қонақ" деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым; сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды бұлт, бауырыңды мұз шалмасын!”, – деп жазды әнші.
-
"Әр қыздың арманы": Абай Бегейдің қызы енесі дайындаған жатын бөлмесін көрсетті
-
"Тойға бір жыл бойы дайындалдық": Абай Бегейдің су жаңа құдағиы халыққа үндеу жасады
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Абай қызының тойында көңілсіз жүрді”, “Бірінші әйелін де 17 жасында алған”, “Бақытты әке, бақытты қыз”, “Оңай емес, жастай кетіп жатыр”, “Жақсы отбасына келін болып жатыр”, “Біраз жыл бойдақ жүруге болатын еді”, “Алып қашып кеткен күннен бастап, жылап жүрміз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, өнер иесі тұрмыс құрған қызына көлік сыйлағанын жазған едік.