Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіне қол салу, ұрлық пен қарақшылық": Кредиттің салдарынан қазақстандықтар қандай әрекеттерге барады?

2023 жылы 12 қазақстандық азамат несиесін төлей алмағаны үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Мұны ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха мәжілістегі үкімет сағатында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ІІМ басшысының айтуынша, шамадан тыс несиелендіру ауыр зардаптарға әкеліп жатыр. Қарыз алушылар несиелерін өтей алмай, қылмысқа барады, тіпті өз өмірін қиюда.

"2023 жылы Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарында барлығы 12 адам қарыздары үшін өзіне қол салған. Қыркүйек айының соңында осындай факті Алматыда болды", – деді Лепеха.

Қарызға батқан 40 қазақстандық несиелерін өтеу үшін қылмысқа барып, қарақшылық шабуылдар, тонау және ұрлық жасаған.

"Бұл әрекеттер оларды ешбір жағдайда ақтамайды. Олар заң бойынша жауап береді. Бірақ бұл туралы ойлану керек", – деп атап өтті ІІМ өкілі.

Мәжіліс төрағасы төлеуге шамасы келмейтін қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салуды ұсынды. Ол бір қазақстандықтың басында 20 несие болған жағдайлардың барын атап өтті.

Талқылау