"Өзіне арнап жасаттым": Дәурен Айдарқұлов үшінші әйеліне қандай сыйлық бергенін көрсетті
Фото: https://www.instagram.com/daurenaidarkulov/
Үшінші рет шаңырақ көтерген актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов су жаңа жарына не сыйлағанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жарының есімін де атады.
“Болашақ әйеліңе үйленуге ұсыныс жасау – ең жауапты іс. Ал жүректерді біріктіретін сақинаның әдемі болуы маңызды. Мен өзіне арнап жасаттым. Қазіргі әйеліме дәл осы бриллиант сақинаны сыйладым. Арнайы зергерлік студиясында соқтырдым. Гауһартастардан жасалған әшекейлер сән-салтанатқа айналатыны анық. Одан кейін көпшілік үшін де қолжетімді екен. Гауһартасты әшекей – әйелдің ең жақын досы. Айтпақшы, әйелімнің есімі – Жұлдыз”, – деп жазды актер.
-
"Айыппұлды экс күйеуім төледі": Ақбота-Нұр "Кesh You" тобынан кеткен кезін еске алды
-
"Ұяңды өз қолыңмен қаладың": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованың пәтері көпшілікті таңғалдырды
Желі қолданушылары екі некесінен балалары бола тұра, үшінші рет шаңырақ көтерген актерді сынады.
“Әйел алудан шаршамайды екенсің”, “Әйел еркексіз өмір сүреді, бірақ еркек әйелсіз ешкім емес”, “Жұлдыз дегені Ақбота емес па?”, “Бірінші әйеліне де обал”, “Ақботаға қайтадан қосылса, дұрыс шешім болар еді”, “Әйеліңізбен бақытты болыңыз”, – деп жазды көпшілік.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
