Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзін кім санайды, жаман мінезін көрсетті": Жанкүйерлер Юлия Путинцеваның “US Open 2024” ойыны кезінде жасаған әрекетін сынға алды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның “US Open 2024” кезінде жасаған құрметсіздік әрекетіне жұрт наразылық танытып жатыр. Спортшы ойын кезінде өзіне доп берген бол-герлді елемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот, Global Look Press

БАҚ пен әлеуметтік желілерде қазақстандық теннисшінің мінез-құлқы қызу талқыланып жатыр.

"Оның эмоциясы бақылаудан шығып кеткені анық. Өйткені жай ғана өз жұмысын орындауға тырысып, доп берген жас қызды елемеді. Жасөспірім 16 жастан аспаған да", – деп жазды Marca порталы.

Журналист Пирс Морган:"Юлия Путинцеваның жиіркенішті тәкаппарлығы. Доп лақтырған қыз 3-допты оның бетіне лақтыруы керек еді", – деді.

"Путинцева өзін кім санайды? Доп берген қызға жаман мінезін көрсетті", – деді бейнеге US Open чемпионы және Германиядан келген сарапшы Борис Беккер.

"Бол-герлдің қолын төмен түсірмеуі мен өз позициясын ұстауы құрметке ие. Эмоция кез келген ойыншыда болуы мүмкін. Бірақ бол бұл үшін ешқашан зардап шекпеуі керек. Өйткені бұрынғы ойыншылардың көбі өз уақытында бол болған. Менің ойымша, бұл тікелей "қызыл карта" беруге лайық әрекет”, – деп әзілдеді америкалық сарапшы Брэд Гилберт.

Италиялық Жасмин Паолиниге қарсы матч кезінде болған оқиғадан кейін қазақстандық теннисші өзінің бұл әрекеті үшін кешірім сұрады. 

"Бол-герлден өзімді қалай ұстағаным үшін кешірім сұрағым келеді. Шынымды айтсам, мәселе онда емес. Менде брейк-пойнт болған ойында жеңіске жетпегенім үшін өзіме қатты ашуландым. Содан кейін қатты күйзеліп, не болып жатқанын және маған допты кім беріп жатқанын да ескермедім", – деді Путинцева.  

Талқылау