Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін ХҚКО қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалатын алаяқтар пайда болды

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды өздерін ХҚКО қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтардың пайда болғаны туралы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік корпорация соңғы айда алаяқтықтың жиілеп кеткендігі туралы мәлімдеді. Белгісіз біреулер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін ХҚКО қызметкерлері деп таныстырып, қарыздарын өтеуді сұрайды немесе салыстырып тексеру үшін жеке деректерін сұрайды.

"Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет " қызметкерлерінің қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің деректер базасына қол жеткізе алмайтынын, сондай-ақ коллекторлық компаниялардың жұмысына қатысы жоқ екенін хабарлайды.

"Азаматтарға арналған Үкімет" пен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы кез келген хабарлама 1414 нөмірінен смс-хабарламалар арқылы ғана өте алады, онда азаматтар броньның бар екендігі, құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуы, берілген күні туралы немесе композиттік қызметтерді алу бойынша сұрау салулар туралы хабарлай алады", - делінген ведомствода.

Қазақстандықтарға қырағылық танытуға және өздерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға кеңес беріледі. Мұндай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгіне алады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2020 17:17
Талқылау