Қарағандылық әйел өзін балалары балконға қамап тастағандықтан құтқарушылар үшін ақша төлеген
Қарағандылық құтқару қызметі кішкентай балалары байқаусызда балконға қамап тастаған әйелге көмекке келді. Аязда қалған әйел болконда бір сағатқа жуық уақыт тұрып қалыпты.
Бұл туралы nv.kz хабарлайды.
Оның айқайын естіген тұрғындар құтқарушыларды шақырған.
Құтқарушылар үйдің төбесінен түсіп, балконның есігін ашып берді. Ол үшін әйел 80 теңге төледі.
Айта кетейік, қаңтар айының басынан қарағандылықтарға құтқару қызметі үшін ақы төлеу міндеттелді. Бұл айда қызмет бағасы 80 теңге болды. Құтқарушылар ақының ерікті түрде болатынын айтады. Егер тұрғындар тұрақты төлейтін болса, кез келген жағдайда фирма қызметін тегін пайдалана алады.
Жіберіп алмаңыз:
Қостанайда екі келіншек өздерінің ең жақын құрбысының банк картасын ұрлап кеткен
Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды (фото)
Талқылау