Қостанайда екі келіншек өздерінің ең жақын құрбысының банк картасын ұрлап кеткен
Қостанайда рождество мерекесі қарсаңында ірі ұрлық оқиғасы орын алды. Полицияға шағым түсірген 35 жастағы әйел өзінің банк картасын ұрлатып алғанын айтады. Оның есепшотынан 400 мың теңге алыныпты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Дереу іздеу жұмыстарын жүргізген полиция ертеңіне 34 және 30 жастағы екі күдіктіні анықтайды. Олар екеуі де зардап шеккен әйелдің құрбылары болып шыққан. Белгілі болғандай, олар бірге спирттік ішімдік ішіп, мерекені атап өткен екен.
Алайда зардап шеккен әйел, құрбылары осындай қадамға барады деп ойламағандықтан, бірден олардан күдіктенбеген. Ал күдіктілер болса картадан алған ақшаны жаратып үлгеріпті. Қазіргі таңда ұрлық ісіне байланысты тексеру жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген
Кішкентай бала 7-қабаттан куәгердің көз алдында құлап кетті
Оқыс жағдай: Шымкентте екі қабатты үй опырылып құлады
Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады