Өскеменде "әкім орынбасары" түрмеде жатып бизнесмендерден 50 миллион теңге жинап алған
Өскеменде өзін әкімнің орынбасарымын деп таныстырған ер адам кәсіпкерлерге хабарласып, су тасқынының салдарын жою үшін ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беруді сылтаурап, кәсіпкердің 50 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылған.
“Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А.Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.
Ол ұялы телефон арқылы облыс әкімінің орынбасары ретінде өзін таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлерінің атына қоңырау шалған. Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген хабарлама.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да