“Өзімнің беделім үшін қорқатынмын”: Гүлмира Сатыбалдыдан сот отырысында жауап алынды
Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысында айыпталушыдан жауап алынды. Сотталушы өзінің кінәсіз екенін айтып, бұрынғы күйеу баласы "Бауыр Қазақстан" АҚ холдингін қалай банкротқа ұшыратқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынды
Жәбірленуші Абай Жүнісов 2019 жылы Гүлмира Сатыбалдының адамдары өзін ай бойы заңсыз қамауда ұстағанын айтады. Судья сотталушыға айғақтарының өздеріне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертіп, оған сөз берді.
"Маған тағылған айыптармен келіспеймін. Менің осыған дейін куәлік бермедім. Өйткені біздің құқық қорғау органдары Жүнісовтің берген өтінішін әділ түрде зерттеп, тексереді деп ойладым. Бірақ, өкінішке қарай, олай болмады. Жүнісовтің әпкем мен балаларын тастап, мені тонап кеткені ауыр соққы болды. 2021 жылы бейне үндеу арқылы өзін менің қамауда ұстағанымды, кәсібін тартып алғанымды айтты. Алайда ол кезде Жүнісов пәтеріне жасырынып, сыртқа шығудан бас тартқан еді. Мен күйеу баламды аядым. Жиендерім мен әпкемді ойлап, оның барлық қарыздарын жауып, қайта кәсібін бастауға көмектестім”, – деді Гүлмира Сатыбалды.
2011 жылы Жүнісовтің өзі Гүлмира Сатыбалдыға Batur Kazakhstan кәсіпорнын құруды ұсыныпты. Кәсіпорынның жалғыз иесі өзі болады. Ал акциялардың 34 пайызын Гүлмира Сатыбалдыға, 33 пайызы Айбатыр Жұмағұловқа, 33 пайызы
Абай Жүнісовтің өзіне тиесілі болды.
"Өзінің куәлігінде ол өзін дағдарыс менеджері ретінде көрсеткен. Жүнісов менің бұрынғы күйеуімнің бажасымын деп мақтанатын. Айта кетейін, Қайрат Сатыбалды екеуміздің ажырасқанымызға 20 жылдан асты. Бірақ күйеуіммен тұрып жүрген кезімізде Абайды құрметтейтін, қолдау көрсететін. Оның осы жақсылығымызды бағаламағаны өкінішті. Мен іс жүзінде бұл кәсіпорындардың меншік иесі емес едім. Жүнісов барлық мәселелерді өзі басқарып, шешіп отырды. Менімен ешнәрсе келісілмейтін. Мен оны қолдадым және оған барлық жағынан көмектесуге тырыстым. Алайда оның кәсіпорындарының қызметіне ешқашан араласпадым", – дейді.
Негізі кәсіпорынды Абай Жүнісовтің ағалары Қасым, Алтай басқарса, қаржы директоры оның жақын досы Бақыт Қабенов болған. Еншілес серіктестіктерді Жүнісовтің күйеу балалары Қайдар Батырбеков пен Ғани Бекбосынов басқарды.
2018 жылдың аяғында Гүлмира Сатыбалдыға Айгүл Мекешова және компанияның басқа қызметкерлері хабарласып, компания қаржылық дағдарысқа ұшырап, мемлекет пен акционерлер алдындағы міндеттемелерін орындамай жатыр деп айтқан.
"Мекешова ағайынды Жүнісовтердің кәсіпорынды тонап кеткенін айтты. Мекешованың сөзін бұдан бұрын біздің кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының, әкім орынбасарларының және әкімдердің телефон қоңыраулары растады. Олар тез арада шара қолдануымды сұрады, шара қолданбасам құқық қорғау органдарына хабарласатындарын айтты”, – дейді Сатыбалды.
Оның айтуынша, кеңседе ол күйеу баласынан компанияның ақшасы қайда екенін сұраған. Бірақ, оның пікірінше, жай ғана айқай ересек адамдарды қорқытуы мүмкін емес.
"Сол күні кешке біз онымен аудит жалдаймыз деп келістік, оның қорытындысы ұрлық бар ма, жоқ па деген нақты қорытынды береді. Жүнісовтің өзі бұл аудиттің жүргізілуін қалаған. Мен Рашит Махатқа жүгіндім, ол бізге көмектесу үшін Sigma компаниясының мамандарын берді. Бұл шаралардың барлығы 2019 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында жүзеге асырылды", – деді ол.
Гүлмира Сатыбалды Batur Kazakhstan АҚ-ның еншілес кәсіпорны салған мәйітханада мұздатқыштар орнатылмағанын айтты. Жабдықты орнату үшін ол 500 000 доллар қарыз алған. Тағы бір нысан – онкологиялық диспансерде де қажетті медициналық құрал-жабдықтар орнатылмаған. Бұл туралы сотталушы тергеуде жүргенде білген.
"Барлық кәсіпорындардың банкротқа ұшырағанын білген соң, мен Батырбековке амалсыз телефон соғып, Астанада орналасқан "ҚазГерстрой" ЖШС-ның қаржылық жағдайы туралы есеп беруін өтіндім. Ол кездесуге Алтай Жүнісовпен бірге келген. Абай келгенде толық есеп береміз деді. Алтай “Ұрлық болса, Гүлеке, еш қиындықсыз бәрін қалпына келтіреміз” деп сендірді", – деді.
Гүлмира Сатыбалды холдинг кәсіпорындарының банкротқа ұшырағанын және оны "өте жақын адамының" алдап кеткенін білгенде шағын инсульт алып, президент әкімшілігінің ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.
Гүлмира Сатыбалды Жүнісовтерден ештеңе алмағанын атап өтті. Айтуларынша, олар өздерінің қарыздарын жабу үшін ақша мен мүліктің бір бөлігін компанияның меншігіне қайтарған.
"Жеке өзім олардан бұл ақшаны алған жоқпын. Ақшаның барлығы кәсіпорынның мемлекет пен кредиторлар алдындағы қарызын жабуға жұмсалды. Менің тарапымнан бопсалау болған жоқ. Мен оларды қорқытқан жоқпын, ломбардтар мен көліктерін тартып алмадым. Олар өз еркімен барлығынан бас тартты", – деді айыпталушы.
Сонымен қатар Сатыбалды "Восточка" тұрғын үй кешенін салу кезіндегі митингілерді еске алды. Оның айтуынша, компанияны осындай жағдайға ағайынды Жүнісовтер әкелген.
"Қорытындылай келе, мен бұл қылмыстарды жасаған жоқпын деп нақты айта аламын, жоғарыда айтылғандардың бәрі мен тек ақша салу арқылы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдағанымды көрсетеді, өйткені мен әрқашан өз беделім үшін қорқатынмын", – деді Гүлмира Сатыбалды.
Ол сот процесіне қатысушылардың сұрақтарына жауап бермеу құқығын пайдаланды және оған ешкім сұрақ қойған жоқ.
Бұған дейінгі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотта оның элиталық мүліктері туралы айтылған болатын.