Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімізді еркін көрсетуге тыйым салады": ЛГБТ қауымдастығының өкілі Тоқаевқа үндеу жасады

ЛГБТ насихаттауға заңына қарсы Тоқаевқа жолдау жасады

Фото: Видео кадрларынан скрин 

Белсенді Жанар Серікбаева мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәулен Әшімбаевқа үндеу жолдады. Айтуынша, бұл – кемсітушілік пен құқықты бұзу. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Серікбаева мұны конституцияға қарсы және кемсітушілік түзетулер деп атап, президенттен қабылдауды тоқтатуға шақырды.

“Бұл заң жобалары біздің адам құқықтарымызды толықтай бұзады. Бұл біздің құқықтарымызды бұзып, бізді қысады, өзімізді кім екенімізді ашық айтуға және БАҚ-та өзімізді еркін көрсетуге тыйым салады. Бұл заңдар біздің адам құқықтарымызды толықтай жояды. Ал Қазақстан – көптеген халықаралық конвенцияларға қол қойған ел. Құрметті cенат төрағасы мен президент, сіздер заңды, тәртіпті және әділдікті қорғап келеді деп сенеміз. Дәл сіздердің осы кемсітушілік түзетулерді тоқтатуға уақыттарыңыз да, өкілеттіктеріңіз де бар”, – деді ол.



Еске салсақ, Қазақстанда мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдаған еді.

Жеке блок ретінде балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін контенттен қорғау шаралары бекітілді. Қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ БАҚ, телекоммуникациялық желілер және онлайн платформалар арқылы педофилия мен (немесе) дәстүрлі емес сексуалды бағдар насихатын қамтитын ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 09:46
Талқылау