"Өзіме болады": Асылхан Төлепов орысшадан сүрініп күлкіге қалды (видео)
Асылхан Төлепов орысшадан сүрініп күлкіге қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі актер осыдан бір жыл бұрын түскен "Көк-бөрі. Мықтылардың уақыты" атты туындыда орысша әрең сөйлегені туралы жазды. Ол желідегі парақшасына фильмнің үзіндісін жүктеп, рөлді алып шығу қаншалықты қиын болғанын жеткізген. Акцентінен қысылмайтын өнер иесі түсірілім жұмыстары кезіндегі бейнежазбасын жариялап, жұртты күлдірді.
"Орысшадан қателіктер кеткен сәт. Өзімнің акцентім өзіме болады. "Көк-бөрі. Мықтылардың уақыты" фильмінен үзінді. Бір жыл өтіп кетіпті. Мен сияқты достарыңды белгіле", - деп жазды актер.
Мұны көрген желідегі жұрт актердің орысша сөйлегеніне әбден күлгенімен, Асылхан Төлеповке қолдау көрсетіп, өсе бер, тілді үйреніп кетесің, біз олай да сөйлей алмаймыз деп пікір білдірген.
"Ештеңе етпейді. Өсе бер, алға бас. Бізде ондай да орысша жоқ", "Бастысы ана тіліңді білесің", "Мен де солай баспен қадаламын. Сосын жетпеген жерде қазақшалай саламын", "Біртіндеп үйреніп аламыз", "Түгі де жоқ, жақсы сөйлейсің", - деп пікір білдірді жұрт.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
