Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді ұстай алмай қалдым": Адуынды әже неге жүргізушіні ұрып-соққанын айтты

Тамыз айының ортасында әлеуметтік желіде әженің жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін зақымдағаны туралы видео тарады. Әйел адам өз әрекетінің себебін түсіндірді. Бұл туралы patriotkaragandy паблигінде жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

апа

60 жастағы әйел бұл жағдайға жүргізушінің өзі кінәлі екенін бөлісті. Айтуынша, «Лада Приора» жүргізушісі көлігімен қайта-қайта кіріге берген. 

«Мен немерелерімді жаттығуға алып бара жаттым. Жол бойында «Лада Приора» кетіп бара жатты. Ол бірінші рет жолымды кескен кезде сигнал түрінде ескерту жасадым. Алайда ол апатты жағдай тудырып Мұқанов-Құрылысшылар көшесінен бастап жолымды кесе берді. Сол себепті мен бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде, көліктен түсіп оның жанына келдім. Мен одан «Не істеп отырсың? Неге өз көлігіңді менікің алдына қоя бересің?» деп сұрағым келді», - дейді қарағандылық әйел. 

Алайда жүргізуші кінәсін мойындаудан бас тартып, әйел адамға боғауыз сөздер айтқан. 

«Мен салонда балалардың отырғанын түсіндірдім. Алайда ол мені боқтап жіберді. Өзімді ұстай алмадым. Жүргізуші есіктерді ішінен жауып алды. Егер менікі дұрыс болмаса, ол көліктен шығатын еді. Алайда ол сол жерде жауып алып отырды», - деп қорытты ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әйел адамның жүргізушіні ұрып-соққаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау