Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұдырықтап ұрып, теуіп кетті: Әжей ашуына тиген көлік жүргізушісін ұрып-соқты (видео)

Қазнет қолданушылары жол бойындағы қарт әйелдің әрекетін талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмдағы denski_blog парақшасында ашулы әженің жүргізушілге шабуыл жасаған видеосы жарияланды.

Кадрда әйелдің көлікте отырған адамдарды қалай ұрғаны, көлікті тепкілеп, айқайлағаны көрсетілген. Кадрға қарағанда, оқиға Қарағандыда болған. 

Ал, Stan.kz тілшісіне Қарағанды қалалық полиция департаменті бұл оқиғағаның тексерілгенін, оған қатысты ешкімнен арыз-шағым түспегенін айтты. 

«Оны не нәрсе қатты ашуландырады?» - қолданушылар сұрақ қояды елідегілер.

«Ұрысқақ әйел», «Сізді жолда кенеттен кесіп өткен кезде», «Ауа-райы адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді», «Бұл бейнені көргеннен кейін қайтқым келмей қалды», «Қарағандыда қиындық туындаған кезде осы әжеге бару керек, ол сізді бұзақылардан қорғайды», «Мен бұл әжейді жеткілікті дәрежеде жақсы білемін, ол есі дұрыс адам, бірақ егер оны ренжітсе, ешкімді аямайды», - деп жазды желідегілер.

Талқылау