"Бұл – нағыз тозақ": Алматы облысының тұрғындары ағаш кесетін зауыттың шуына шағымданды
Алматы облысындағы Жауғашты ауылының тұрғындары ағаш кесетін зауыттың үздіксіз шуынан денсаулығының нашарлығына жаппай шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алматы” арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын Елена Еготинцева осы үшін жүйке ауруына шалдыққанын, күн сайын тыныштандыратын дәрі қабылдауға мәжбүр екенін айтады.
"Бұл – нағыз тозақ. Келген немерелерім үйде ұйықтай алмайды. Кейде бір канистр бензин алып, ағаш кесетін зауытқа келіп, өзімді өртеп жібергім келді. Біздің әкім сонда назар аударатын шығар. Шенеуніктер қандай да бір келеңсіз оқиға болмаса мәселеге мән бермейді ғой!" – деп шағымданды ауыл тұрғыны.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша үйлерінің маңында ағаш өңдеу жұмыстары екі жылдан астам уақыт бұрын басталған. Алдымен кәсіпкер бір ағаш кесу қондырғысын орнатып, одан кейін жарты жылдан соң екіншісін сатып алған. –
"Денсаулығымызға қатты зиянын тигізуде. Шаңмен тыныстаймыз, үгінділер аулаға ұшып жатыр. Осының барлығына байланысты балаларда аллергия белгілері бар. Бұл жағдай осымен ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Енді қанша уақыт шыдауға болады?" – дейді ауыл тұрғыны Самал Есенбаева.
Халықтың тыныштығы шынымен бұзылғанын тиісті органдар жүргізген сараптаманың құжаттары растап отыр.
"Тұрғын үйлер ішінде дауыс жиілігі 45/60 – 47/62 децибел. Ал норма бойынша ол 45/55 децибел болуы шарт. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, департамент жергілікті атқарушы органнан өз құзыреті шегінде шара қолдануды сұрайды", - деді Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.
Жергілікті билік наразылықтан хабардар екенін, бірақ қазір ешқандай шара қолдана алмай отырғанын айтады.
"Бұл іспен айналысатын адамдарға аудан басшылығы рұқсат берді. Біз олардың қызметін тоқтата алмаймыз. Тұрғындар сотқа арыз жазуы керек", – дейді Междуречин ауылдық округі әкімі аппаратының заңгері Қайырхан Жұмекенов.
Кәсіпкер ауыл тұрғындарымен келісімге келіп, әңгімелесуге ниетті емес.
"Мен бұл құжаттардың барлығын күн сайын көршілеріміздің арыз-шағымдары бойынша бізге келетін барлық тексеруші органдарға бердім. Мен сізге оны көрсете алмаймын. Өйткені міндетті емеспіз", – деді кәсіпкер Лариса Докторович.
Жергілікті тұрғындар құжат бойынша барлығының дұрыстығына күмәндануда. Сондықтан олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініп, сотқа шағым түсірмекші.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
