Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өзімді өлтіремін»: Тыңдарман бетін кері қайтарған Жігерге қоқан-лоққы көрсеткен

Өнер адамдарына деген сүйіспеншілікті шынайы махаббатпен шатастырып алатын фанаттар қатары көбейген. Сүйікті әншісін бір көруді аңсайтын жанкүйерлер арасында шектен шығып кететін жандар да баршылық. Мәселен, Жігер Ауыпбаевтың өнеріне ғашық қыздардың бірі бетін қайтарған әншіні «өзімді өлтіремін» деп қорқытқан.

Бұл туралы Еуразия арнасының «Қалаулым» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Жалпы бізді өнер адамдарын, әншілерді халықпен байланыстыратын алтын көпір ән ғой. Ән арқылы, кейде әнімізді тыңдап, ғашық болып жататын қыздар болды. Instagram арқылы немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы сезімдерін білдіріп жататын қыздар өте көп.

Кейбірі болады жылап, өзінің өмірін құртып жіберуге дейін барады. Мысалы, жауап бермесең «бүйтем, сүйтем» деп қорқытады. «Менің өліп қалғанымды қаламайсың ба?» деген сияқты қорқынышты сұрақтар қояды. Сондай кездерде енді амал жоқ жауап беремін. Кейін түсіндіріп айтамын», – дейді Жігер ағынан жарылып.

Ауыпбаев әншінің жалғыз, ал тыңдарманның көп екенін түсіндіріп:

«Бәріне бірдей жауап беруге уақыт та болмай жатады», – деп ақталды.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал тележүргізуші тұрмысқа шықпақшы (фото)

Асылхан Төлепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Дастан Оразбеков босану кезінде әйеліне серіктес болатынын айтты

Танымал нумеролог Димаштың қашан үйленетінін айтты

Талқылау