Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді киножұлдыз сезіндім": Дина Төлепберген қандай салаға кеткенін мәлімдеді

Белгілі тележурналист Дина Төлепберген 13 жыл бойы жүргізген “Астарлы ақиқат” бағдарламасынан кетіп, қандай салада бақ сынайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Бағдарлама тізгінін ұстаған экс-жүргізуші орнына кім келетінін де көпке көрсеткен еді. 

“Астарлы ақиқаттан кеткенімді көбі түсінбей, түрлі ойға балап жатыр. Шынында да, ендігі көңілімді киноиндустрияға бөлгенімді жөн көрдім. Оның Отаны – Болливуд! Қалың орман, әсем табиғат! Нағыз кино өмірдің көрінісін көресіз. Үңіліп қарайтын үнді сериалының тұсауы 130 жыл бұрын осы бір Болливудтың төрінде кесілген. Өзімді құдды бір киножұлдыз сезініп, өзінше эйфорияға, эмоцияға бөленіп қайттым! Ал достар, менен қандай кино, қандай рөлдер көріп тұрсыздар? Үнді сериалының ең үздігі қайсы сіз үшін?”, – деп жазды экс-жүргізуші. 



Оқырман қауым сүйікті тележурналисін қандай образда көргісі келетінін жарыса жазып жатыр. 

“Тек асханада жүретін әйелдің образы келеді”, “Сізден жақсы актриса шығады”, “Үндінің ұлттық киімі де жарасып тұр”, “Анандидің әжесіне ұқсап қалдыңыз”, – деп әзіл-шыны аралас жазып жатыр оқырман. 

 

Талқылау