Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім білемін": Алуа Қонарова өзін айыптағандарға жауап берді

Продюсер Алуа Қонарова өзін патриот емес деп айыптағандарға жауап берді. Қонарова қазіргі уақытта шетелде тұрып жатыр. Желі қолданушылары соңғы кезде шетелге көшіп жатқан әншілерге сын айта бастаған. Бұған продюсер ханым өзі жауап берді. 

"Соңғы кезде мені патриот емес деп айыптайтын болды. Ешкімнің алдында ақталатын ойым жоқ. Мен ешкімге ешнәрсе міндетті емеспін. Солай емес пе? Мен салық төлеушілердің есебіне өмір сүріп жатқан жоқпын. Банктен, бюджеттен ақша ұрлап, қашып кеткен жоқпын. 

Елге деген махаббат оның тұратын жерімен байланысты емес. Бұл жай ғана сөз, жай ғана пафос. Мен елінің мәдениеті үшін аз жұмыс істеген жоқпын. Менің әртістерім халықаралық жарыстарда, концерттерде  Қазақстанның туымен шықты. 

Сонымен қатар, мен қай жерде тұрсам да, өз құқығым. Мен жүйенің өзгергенін көру үшін өзім жақсы көретін Қазақстанға барамын. 

Содан кейін барып нақты шешім қабылдаймын. Қайда, кіммен, қалай тұратынымды өзім шешемін. Бұл менің өмірім. Маған өмірді құдай бір рет қана берді", - деп жазды продюсер парақшасында



Бұған дейін продюсер карантин уақытынан бастап Түркия елінде анасымен тұрып жатқанын айтқан еді. Желі қолданушылары шетелге кеткен продюсерді патриот емес деп айыптайтын болды. 

"Сіз жасайтын жақсылығыңызды қазақ өнер жастарына жасадыңыз. Жағымсыз пікірлер қолдарынан іс келмейтін қызғаншақтардың көре алмаушылығынан келеді. "Жемісі жоқ талға тас атылмайды" дейді түріктер. Жағымсыз өсек естісем күліп əрі қарай жолыма жүре беремін өз басым. Әлі де болса тас атылып жатса бұған ренжімеңіз".

"Мұндай жағымсыз пікірлерге назар аудармаңыз, ешкімге ақталмай-ақ қойыңыз". 

"Ит тойған жеріне дейді. Сіз де шетел асып патриот бола алмайсыз. Пікірлер орынды. Елімізде байығанның бәрі шетел асқысы келеді".

"Өзіңіз біліңіз. Ақталмасаңыз, неге жазып отырсыз?".

"Сіздің мықты продюсер екеніңізді білеміз. Біздің елге керексіз", - деп жазды желідегілер. 

Талқылау