Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзі-өзіне әпке: қыз анасының құрсағында жатқанда егізін жұтып қойған 

Калифорнияның композитор және әншісі Тейлор Мул өзінің егізі барын жүрегі сезген. Оның ішінде пайда болған үлкен көлемдегі қал өзінің егізі болып шықты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.


2009 жылы оған «химеризм» деген диагноз қойды.
Бір қарағанда Тейлордың денесінен ештеңе байқалмайды. Бірақ, оның денсі екіге бөлінгені көрінеді: терісінің бір жағы қызыл түсті. Алғашқыда ол химеризм диагнозы туралы ештеңе білмеген. Кейін ол туралы теледидардан көріп таңғалған.
Тейлордың айтуынша, бала кезінен егіздермен ойнамаған.


«Менің жасым 6-да болғанда анамнан менің егізім бар ма деп сұрайтынмын. Бұл сұраққа анам ыңғайсызданып қалатын. Құрбыларыммен егіздер болып ойнайтынбыз», – деді Тейлор.
Ол өзінің егізімен бір денесін бөлісіп жүргенін білмеді. Бірақ, бірдеңе дұрыс емес екенін түсінген. Тейордың денсаулығында мәселелер болды. Олар: жиі суық тию, мигреньдер және етек кір мәселесі.
«Менің аутоиммундық мәселелерім 10 жасымда басталды. Неге ауыратынымды түсінбейтінмін. Бұдан басқа, мінезім де тұрақсыз болды», – дейді ол.

@dailymail #chimeraawareness

Публикация от ᴛᴀʏʟᴏʀ ᴍᴜʜʟ (@taylormuhl)


Бірде Тейлор химеризм ауруы туралы деректі фильм көріп қалады.
«Мен үстелден құлай жаздадым. Онда маған ұқсайтын баланы көрсетіп жатты», – деп сол кездегі сезімін жеткізді Тейлор.
Сарапшылар Тейлорға түрлі тесттер мен тексерулерден кейін ғана диагноз қойған. Кейін оның денесінің жарты бөлігінің белгілі-бір металдарға аллергиясы бар болып шықты. Оның бір-бірімен бәсекелес иммундық жүйесі бар екені белгілі болды. Сол үшін Тейлор үнемі әр түрлі дәрі-дәрмек пайданады.


«Мен үнемі жетіспеушіліктерімді жасырдым. Ішімді жасырдым. Суреттеріме фотошоп жасайтынмын. Бірақ, мен қазір денемді жасырмаймын. Мен адамдарға өздерін әдемі сезініп, ештеңеге қарамастан ерекшеліктерін қабылдап, өздеріне сенімдерін нығайтуына көмектескім келеді», – дейді Тейлор.

Тағы оқыңыз:

Қайығы бұзылған теңізші мысығымен бірге 7 ай ашық мұхитта қалқып жүрген

Жарнама қағазын жеген иттің аузы желімденіп, жағы ашылмай қалды (фото)

Америкалық миллионер ұлының 12 жасқа толған туған күніне стриптиз бишілерін сыйлады

Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы

 

Талқылау