«Өзі де жылап жіберді»: Киев әуежайында шымкенттік жігіт кішкентай қызды құтқарып қалды

Киев әуежайында жолаушылар ұшу уақытын күтіп отырғанда кішкентай балалардың бірі қақалып қалып, тұншыға бастаған. Осы кезде Шымкент тұрғыны Алексей Кудиенко көмекке келіпті. Ол қызды дәрігерлер жеткенше құтқарып қалған, деп жазады Stan.kz.

«Өзі де жылап жіберді»: Киев әуежайында шымкенттік жігіт кішкентай қызды құтқарып қалды

Сурет: Facebook/Мехрибан Бакиева

Шымкенттік ер адамның ерлігі туралы оқиға куәгері Мехрибан Бакиева Facebook желісінде жазды. 

 «Киев әуежайында көз алдымызда қайғылы жағдай орын ала жаздады. Кішкентай қыз қақалып қалып, қырылдап, еденге құлады. Оның жанына көптеген адам жүгіріп келіп, бәрі дүрлігіп кетті. Біреулері қоңырау шалып, енді бірі әуежай қызметкерлерін шақыруға жүгірді. Ал қыздың жағдайы уақыт өткен сайын нашарлай берді. Ол тыныс ала алмады», - дейді Мехрибан Бакиева. 

Әйелдің сөзінше жұрттың есі шығып, не істерін білмеген. 

«Қорқып, өзімнің дәрменсіздігімді сезінгеннен жылап жібердім. Оның беті көгере бастағанда сәлден кейін оның қайтыс болып кетуі мүмкін екені түсінікті болды... Ал дәрігерлер әлі келмеді», - дейді әйел. 

Оның айтуынша, осы кезде көпшіліктің арасынан бір жігіт суырылып шығып, көмекке келген. 

«Өзі де жылап жіберді»: Киев әуежайында шымкенттік жігіт кішкентай қызды құтқарып қалды

Сурет: Facebook/Мехрибан Бакиева

«Адамдар тыныш тұра қалды. Тыныштық орнады. Кенеттен қыз сырылдап деп алып, тыныс алып, жөтеле бастады... Адамдардың мойнынан жүк түскендей болды. Бірі қол шапалақтаса, енді бірі дауыстап жылап жіберді. Мен де жыладым... Бір сәтте қатты қорқып, қатты қуандық. Ол жігіттің жанына барып, құшақтап алдым. Ол да жылап тұрған еді. Қолы дірілдегенін көрдім. Қатты шок алғаны көрініп тұрды», - дейді ол. 

Дәрігерлер келгенде қыздың өміріне қауіп төніп тұрмаған екен.

Мехрибанның сөзінше, қызды құтқарып қалған –Алексей Кудиенко есімді шымкенттік жігіт.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен