Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзге дін өкілдерін қорлайтын мәлімдемелер жасаған": Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқандар ұсталды

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдіктілер діни алауыздықты қоздыру және экстремистік материалдарды тарату бойынша айыпталып отыр.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдіктілердің радикалды діни көзқарас негізінде бірігіп, әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлайтын мәлімдемелер жасағаны анықталды. Сонымен қатар, олар халық арасында сот экстремистік деп таныған аудио және видео материалдарды таратқан", – делінген министрлік хабарламасында.

Тінту барысында ұсталғандардың үйінен 20-дан астам діни кітап, есірткі заттары, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді. Топ жетекшілері сот шешімімен қамауға алынды.



Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында үш адам есірткі мен экстремистік материалдар таратты деген күдікпен ұсталды. Тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде марихуана тәркіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді. 

Талқылау