Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денем он есе ауырлады": Өзенге құлап, комаға түскен әйел жұмақ қақпасы мен Құдайды көрген

Фото: Видеодан скрин

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дүниеге келген Лиза Блисс есімді әйел бала кезінде басынан өткен тылсым оқиға туралы әңгімеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Лизаның он жасында, қала сыртындағы ата-әжесінің үйінде демалып жатқанда болған. Лиза жақын маңдағы өзенге құлап кетіп, 30 минут бойы ес-түссіз жатқан. Сол сәтте Блисс өзін шексіз жарық пен экзотикалық гүлдермен көмкерілген көркем далада оянғанын айтады. Кенет көзі түрлі-түсті, ерекше тартымды гүлдер егілген соқпаққа түскен. Бұл жол оны алға жетелеген.

Соқпақпен жүріп отырып, Лиза жарқыраған, ғажайып бір қақпаны көреді. "Бала кезімде мен "Бұл менің отбасым мен шіркеуден естіген маржан қақпалар шығар" деп ойладым", – деп еске алады ол. Қақпаның ар жағында жалғыз силуэт тұрғанын көріп, оны Құдай деп түйген.

Қақпаға апаратын жолдың бойында ақ киімді адамдар тұрғанымен, олардың жүздерін нақты көре алмаған. Бір сәтте Лиза қақпа жабылып қалмай тұрып, үлгеруі керек екенін түсініп, алға қарай жүгіреді. Алайда оны беймәлім күш артқа қарай тартқан.

Есін жиған сәтте өзен жағасындағы тастардың үстінде жатқанын аңғарған. Кейін оны судан немере ағасы құтқарып қалғанын біледі. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ата-әжесінің үйіне жеткізген.

"Мен бірден өз денеме қайта оралғанымды түсіндім. Бұл қорқынышты еді... шынымен қорқынышты. Денем бұрынғыдан он есе ауыр болып сезілді. Күн аспанда жарқырап тұрса да, әлем көмескі, бозғылт түске боялғандай болды", – дейді Блисс.

Есін жиған соң ол өміріндегі ең терең депрессияға түскен. Туыстары оның аман қалуын өзен суының ерекше салқындығымен байланыстырады. Сол салқын судың арқасында, ұзаққа созылған оттегі жетіспеушілігіне қарамастан, миы зақымданбай сақталып қалған. Блисс үш күн бойы терең ұйқыда болған. Бұл жай ұйқы емес, кома тәріздес күй еді. Кейіннен оның денсаулығы біртіндеп жақсарып, толықтай қалпына келген.

Ал 2024 жылдың қазан айында тағы бір америкалық әйел — 68 жастағы Шарлотта Холмс клиникалық өлім кезінде бастан өткергенін баяндады. Қарт әйел сол сәтте жұмақ пен тозақты көргенін айтып, өзінің ерекше рухани тәжірибесін бөліскен еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 30 Мамыр, 2025 14:08
Талқылау