Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтің үлкен ұлы Ресейде әйелін соққыға жықты

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен ұлы Петр Краснагор қаласында әйелін соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кun.uz

Өбекстандағы Кun.uz сайтының жазуынша оқиға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Тіпті көршілері бұл жағдай бойынша екі мәрте полиция шақыруға мәжбүр болыпты. Тек сол екіншісінде ғана Петр Кәрімовті тәртіп сақшылары ұстап алып кеткен. 

Дерекке сүйенсек Петр Кәрімов пен әйелі Юлия Сметанкинаның арасындағы жанжалды сол үйдің өзге тұрғындары естіген. Қатты айқай-шудан кейін тіпті экс-президенттің ұлы келіншегін бірнеше мәрте ұрғаны да айтылады. 

“Бірнеше дене жарақатымен әйел ауруханаға жеткізілді. Ал Кәрімовті полиция ұстап алып кетті. Сұрақ-жауаптан кейін оны босатып жіберген. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – делінген ақпаратта. 

Кейіннен Юлияға іш жарақатын, мидың шайқалуы және қан кету диагнозы қойылғаны да белгілі болды. 

Айта кетейік Петр Ислам Кәрімовтің бірінші әйелі Наталья Кучмиден туылған үлкен ұлы. Экс-президенттің алғашқы жары 2008 жылы Ташкент қаласында көз жұмды. Ал Петр Кәрімов бүгінде Ресейде тұрады.

Талқылау