Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы "Елорда кубогінің" жартылай финалына шықты
Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің” жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
Жақында ғана Өзбекстаннан елге оралып, Қазақстан атынан алғашқы сайысына қатысып жатқан Аман Қонысбеков "Елорда кубогінде” тамаша өнер көрсетіп жатыр. 71 келіде сынға түсіп жатқан былғары қолғап шебері алғашқы кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен ұтса, екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Аман ширек финалда жапониялық Хиранака Нобухироны да 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда бұрынғы командаласы, өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа қарсы шығады. Сондай-ақ бұл салмақта сынға түсетін команда капитаны Асланбек Шымбергенов те жартылай финалға еш қиындықсыз шықты. Ол үнді боксшысы Хитеш Хитешті ұтты.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан "Елорда кубогінің" жартылай финалына шыққанын жазған едік.