Өзбекстандық төрешілер Клубтық әлем чемпионатында қызмет атқарады
Өзбекстандық төрешілер 2025 жылы өтетін футболдан Клубтық әлем чемпионатының матчтарын басқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзбекстандық футбол төрешілері 2025 жылы жазда АҚШ-та өтетін Клубтық әлем чемпионатына тағайындалды.
Төрешілер құрамы 41 ұлттық қауымдастықтан жасақталған: 35 бас төреші, 58 қапталдағы төреші және 24 матч инспекторы.
"2025 жылғы 14 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін Клубтық әлем чемпионатында Өзбекстан тек өз ойыншыларымен ғана емес, төрешілерімен де мақтана алады. ФИФА жариялаған ресми төрешілер тізіміне Өзбекстаннан үш төреші үміткер ретінде енгізілді. Тарихи белес: Танташев пен оның командасы әлем чемпионатында! ФИФА-ның ресми ақпаратына сәйкес, Клубтық әлем чемпионатында бас төреші ретінде әлемге танымал әрі тәжірибелі арбитріміз Илгиз Танташев тағайындалды. Онымен бірге екі көмекші төреші — Тимур Гайнуллин мен Андрей Цапенко — бұл жарысты басқаруға қатысады. Бұл тек осы төрешілер үшін ғана емес, өзбек төрешілік тарихы үшін де зор құрмет", — деп жазады Zamin.uz сайты.
Айта кетейік, АҚШ-тағы төрешілер арасында қазақстандық мамандар жоқ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған

