Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандық 36 жастағы таеквондошы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды

Евгения Каимова Фото:Спортшының жеке парақшасынан алынды

Өзбекстандық таеквондошы Евгения Каимова әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазанның 24-30 аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасынан 8 спортшы бақ сынайды. Олардың сапында Өзбекстан таеквондо мектебінің түлегі 36 жастағы Евгения Каимова бар. Ол 73 келі салмақта өнер көрсетеді.

Каимова өзбекстан құрамасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген спортшы. Алайда ол бар-жоғы 22 жасында спорттық мансабын аяқтаған. Артынша бірнеше жылдан кейін тұрмысқа шығып, Қазақстанға қоныс аударған.

 

Қазақстанға келген соң жас шәкірттер тәрбиелеп, кейін өзі де қайта жарыстарға қатыса бастаған. Қазіргі таңда Каимова бапкерлік пен қатар жеке мансабында қолға алған. Таеквондошы Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, ірі халықаралық додада ел намысын қорғамақ.

Айта кетейік, Евгения Каримова 2005 жылы Азия жастар чемпионатының қола жүлдегері, 2006 жылы Азия ойындарының және 2010 жылғы Азия чемпионатының финалисі. Бұған қоса 2010 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері, Өзбекстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сонымен қатар 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 13:27
Талқылау