Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда президенттікке талас күшейіп бара жатыр

Өзбекстанда президенттікке талас күшейіп бара жатқан секілді. Саясаттанушылар ел тізгінін кім ұстаса да, диктаторға айналатынына сенімді.

c074790c_14db_4177_521f_2641ed723af4

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Кәрімовті емдеуге келген Финляндиялық дәрігер Юха Хернесниемидің айтуынша, пациенттің миы жұмысын тоқтатқанынан хабардар еткеннен кейін, билікке талас басталған.

Ал Министрлер кеңесі бұл ақпаратты екінші қыркүйекке дейін жариялаған жоқ болатын. Қазір премьер-министр Шавкат Мирзияев президент болуы мүмкін деген жорамалдар біртіндеп шындыққа айналып келе жатқандай. Ислам Кәрімовті ақтық сапарға шығарып салуға жауапты комиссияны басқарған Мирзияев, Қытайда өткен саммиттен кейін бірден Өзбекстанға ұшып келген Владимир Путинді де өзі бірге алып жүрген.  Ал Кәрімовтің кенже қызы Лоланың ел басқаратындай ықпал, абыройы әлдеқайда төмендеп кеткен.

Бұған дейін Reuters агенттігі президент Ислам Кәрімовтің дертінен айықпаған күйі қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Желі қолданушыларының кейбірі мемлекет басшысының халқын тастап кеткенін айтып өкінсе, енді бірі оның уақытында биліктен кеткенін сөз етуде. Көпшілік қайғыға ортақтасып, отбасына көңіл білдіруде.

Бұған дейін Өзбекстанның Бұқаралық Ақпарат Құралдарында өзбек басшысының қайтыс болғаны туралы ақпараттар екінші рет қайтара жарияланып, тіпті жерлеу рәсіміне дайындық барысынан суреттер де жарияланған болатын.

Бұған дейін Кәрім Мәсімовтің Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Самарқанға жолға шыққанын хабарлаған едік. Сенбі күні  ертеңгісін Ташкент тұрғындары Кәрімовпен қоштасу үшін әуежай жолына шыққан еді. Гүлнара Кәрімова әкесін жерлеу рәсіміне қатыса алмады.

Жіберіп алмаңыз:

Президент Кәрімов өмірде және саясатта (фото)

Талқылау