Польшада жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылды

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилованың мәйіті табылды. Суық хабарды марқұмның әпкесі жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екатеринаның әпкесі Ирина Геберт оны өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын айтты. Тергеу байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті ретінде Екатерина Шилова үй қызметшісі болып жұмыс істеген ер адам ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта отбасы туыстарының Польшаға баруы және әйелдің мәйітін отанына жеткізу үшін қаражат жинап жатыр.
Қазір отбасы қазақстандық әйелді жерлеу үшін қаражат жинап жатыр. Әпкесінің айтуынша, жерлеу рәсімін өткізі үшін едәуір қаржы қажет.
- Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды
- "Бірнеше күн бойы жатқан": Ақтөбеде мектеп маңындағы қоқыста жатқан үлкен сөмкеден мәйіт табылды
Еске салайық, бұған дейін Польшада қазақстандық әйел күмәнді хабарлама жазып, кейін хабар-ошарсыз кеткені хабарланған еді.
Ақпаратқа сәйкес, Екатерина екі жыл бұрын Талдықорғандағы агент арқылы Польшаға жұмыс істеуге кеткен. Варшавада кір жуушы болып жұмыс істеген. Кейінгі жарты жылда ол Украинадан келген ерлі-зайыптының үйінде тұрып, солардан бөлме жалдап тұрған.
Әйел Қазақстанда қайтуды жоспарлап, әпкесіне 18 ақпанда оны әуежайға үй иесінің күйеуі апаратынын айтқан. Сол күні кешке ол соңғы хабарламасын – ұшар алдында жүк салмағын өлшеп, артық салмақ болмасын деп дүкенге түсіп бара жатқанын жазған. Осыдан кейін байланысқа шықпаған.
“Ұшар алдында ол бізге қоңырау шалып, бізге “мені 19 ақпанда үйде қарсы алыңдар” деді. Бірақ кейін ұшақтың Алматыға аман-есен қонғанын, ал менің әпкемнің бортта болмағанын білдік. Біз қатты алаңдай бастадық. Содан кейін оның нөмірінен ата-анамызға ойынан айнап қалғанын, өзіне Германияда жұмыс ұсынылғанын, қайтпайтыны туралы хабарлама келді. Бірақ бұл Екатерина бұлай жасамс еді. Біз оған қайта-қайта қоңырау шалдық, алайда онымен байланысқа шыға алмадық. Телефондары өшірулі болды”, – деді Ирина.
Жоғалған күні Екатерина тапқан қаражатын Қазақстанға алып қайтпақ болғаны да хабарланды.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды