Президент Кәрімов өмірде және саясатта

Сенбі, 3 Қыркүйек , 2016 10:14

 Ислам Кәрімов- Өзбекстанның  кеңес үкіметі яғни 1989 жылдан бері басқарып кележатқан тұңғыш, еш ауыспаған президенті. Суретте   Ислам Кәрімов және  тәуелсіз Арменияның тұңғыш президенті Левон Тер-Петросян. 1991 жылы желтоқсанда түскен.

к9

Бұл туралы ВВС жазды.

1991 жылдың наурызында, Кеңес үкіметін сақтап қалу референдумы алдында  Кәрімов Өзбекстан халқына  Ресей құрамында қалуды насихаттаған еді. Сол кезде дауыс берушілердің 93 пайызы Кәрімовпен жақтас болған. Арада бірнеше ай өтісімен  1991 жылы Ислам Кәрімов  Орталық Азия басшылары арасынан бірінші болып өз елінің тәуелсіздігін  жариялады. Суретте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттерінің кездесуі. Асқар Ақаев, Ислам Кәрімов, Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы  Қазақстанның Көкшетау қаласында кездескен.

к11

1998 жылы Кәрімов Мәскеуге келген сапарында  Ресей президенті Борис Ельцинге президенттіке үшінші мәрте  баруды ұсынған  лидерлердің бірі.  Суретте Борис Ельцин  және Ислам Кәрімов  Ташкентте  1998 жылдың қазанында.

к10

Ислам Кәрімовтың көршілес мемлекет лидерлерімен қарым-қатынасы айтарлықтай жайлы болған жоқ. Мысалы,  Орталық Азия елдерінің президенттері үнемі осы аймақтағы бірінші лидер атануға таласумен болды. Суретте Назарбаев пен Кәрімов  2001 жыл Қазақстандағы «Шымбұлақ» курортында.

к8

Өзбекстан заңы бойынша бір адам екінші рет президент болғаннан кейін тақтан заңды түрде аластатылады. Дегенмен Ислам Кәрімов  25 жылдық тәуелсіздікте Өзбекстанды жалғыз басқарды. Суретте ТМД лидерлері 15 жыл бұрын  Сочиде кездескен сәті. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев, Ислам Кәрімов, Леонид Кучма, Владимир Воронин, Владимир Путин, Асқар Ақаев.

к7

Сыртқы саясатта Ислам Кәрімов үнемі тұрақсыз әрі екі ұшты ұстанымда болы. 1994 жылы Өзбекстан  ТМД-мен бірге Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қосылды. Бірақ, 1999 жылы одан шығып кетті. 2001 жылы  Өзбекстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосыла тұра  НАТО-ның Ауғанстандағы  операциясын қолдап, АҚШ әскерін өз территориясына кіргізді. Суретте  АҚШ қорғаныс министрі  Дональд  Рамсфельд және Ислам Кәрімов.

к6

Кәрімовтің кезінде Өзбекстандағы кеңес үкіметінен қалған көптеген жұмыс орындары жауылып қалды. Кәрімовтің бастамасымен спорттық турнирлер өткізіле бастады. 2002  жылы ресейлік теннисші  Евгений Кафельниковты Кәрімовтің өзі марапаттаған еді.

к5

Кәрімовтің жұбайы Татьяна жайлы ақпарат мүлде аз таратылады. Жоқ десе де болады. Бар мәліметтер бойынша Өзбекстанның тұңғыш президентінің әйелі  экономика ғылымдарының кандидаты. Осы сала бойынша аға ғылыми жетекші ретінде жоғары оқу орындарының бірінде жұмыс істеген. Суретте Кәрімов әйелімен  Үндістанға жасалған 2011 жылғы ресми сапар барысында.

к4

Көпшілік Кәрімовтің қызы Гүлнара Кәрімованы президент тағына отыруы мүмкін деп жиі болжады. Гарвард университетінің 2013 жылғы түлегі, поп-орындаушы, кәсіпкер Гүлнара Кәрімова соңғы жылдары жемқорлыққа қатысы бар болып шықты. 2014 жылы  өзбек прокуратурасы оны сыбайластарымен бірге елден 65 млн долларды жымқырды деп айыптап, үйқамаққа жапқан еді.

к3

Құқық қорғау ұйымдары Ислам Кәрімовті  ең қатыгез диктаторлардың қатарына қосады. Өзбекстанда  оппозиция мен президент билігін қолдамайтындар бірден тұншықтырылады. БАҚ-та билікті сынаған материалдар жарияланбайды. Кәрімов  бұндай келеңсіздіктерді елемеуге тырысып, көптеген абыройлы лидерлер сияқты халық өнерін жоғары бағалады. Суретте Кәрімов 2015 жылы  Самарқанда  Х-шы халықаралық  «Шығыс әуендері» фестивалінде.

к2

Өзбекстанның табиғи байлықтары көп: мұнай  мен газды экспорттайды. Мақта өнімін алу жағынан алғашқы бестікте. Ел алтын өңдеу бойынша әлемде  төртінші орында, өндіру бойынша тоғызыншы орында. Халықтың экономикалық ахуалы нашар. Кәсіпкерлікпен айналысушылар саны жыл санап азайып жатты. Қарапайым халықтың көпшілігі көршілес Ресей, Қазақстан сынды елдерде жұмыс істеп жан бағуда.

к1

Сурет 2016 жылы  29 тамызда ілінген. Онда Ислам Кәрімов пен өзбек балалары. «Біздің балаларымыз бізден мықты әрі ақылдырақ болуы керек. Олар бақытты болуы шарт» деп жазылған.

к12

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Салтанат says:

    Иманды болсын!!! Өзбек халқының адал перзенті,халқы үшін өмір сүрді, Алла жатқан жерін жайлы, топырағын торқа етсін иншалла!!!

  • Анонимно says:

    Ұзақты көре білген кісі, иманды болсын.

  • Анонимно says:

    Каримовтын оз халкына кызмети оте коп

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар