Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда мерзімінен бұрын өтіп жатқан президент сайлауы басталды

Өзбекстанда мерзімінен бұрын өтіп жатқан президент сайлауы басталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Озбекстан сайлау

“9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де (астана уақыты бойынша 9.00) Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы бойынша дауыс беру басталған барлық 10 784 сайлау учаскесі ашылды”, – делінген Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің мәліметінде.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.



Елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға қазіргі президент Шавкат Мирзиеевтен бөлек (Либерал-демократиялық партия) Абдушүкүр Хамзаев (Экологиялық партия), Ұлықбек Иноятов ("Халықтық-демократиялық партия") және Робахон Махмудова ("Адолат" социал-демократиялық партиясы) қосымша үміткер.

Талқылау