Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицияға шабуыл жасаған: Мектеп ауласына кіріп кеткен аю атылды

Өзбекстанның Сұрхандария облысына қарасты Сарыясы ауданындағы тұрғын үйлер мен мектептің аумағына кіріп кеткен аю ішкі істер органдарының қызметкерін жарақаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Бүгін әлеуметтік желілерде Сұрхандария облысындағы "Жаннатмакон" махаллясына кіріп кеткен аюдан қашып бара жатқан адамдардың видеосы жарияланған еді.

Бұл жағдайға байланысты Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі түсінік берді.

“Аюдың көзін жоюға тырысқан ішкі істер органдарының қызметкеріне жануар шабуыл жасап, оны жарақаттады. Сондай-ақ аю №74 мектептің аумағына кіріп кетті. Ол уақытта аулада оқушылар болған. Жануар білім алушылардың өміріне қауіп төндірді. Бұған байланысты жедел шара қабылданып, аю атылды”, – делінген министрліктің мәлімдемесінде.


  • Маңғыстау облысында сирек кездесетін ақ қасқыр фототұзаққа түсіп қалды


Жарақат алған қызметкер қазір медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Еске салайық, былтыр Үндістанда маймылдар ойнап жүрген балаға шабуыл жасап, талап өлтіргенін жаздық. 13 қарашада Гуджарат штатындағы Салки ауылында 10 жасар Дипак Тхакор достарымен бірге ғибадатхана алдында ойнап жүрген. Сол сәтте оған маймылдар шабуыл жасапты. Жергілікті әкімшілік өкілдерінің айтуынша, шабуыл кезінде бала ауыр жарақат алған. Тіпті ішегінің бір бөлігін жұлып алған. Тхакор үйіне бара алғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтай алмапты.

Талқылау