Өзбекстанда қазақстандық туристерге электрошокер қолданған полицейлер жұмыстан қуылды
Самарқанда қазақстандық туристерге күш қолданған өзбекстандық екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Екі қызметкер полиция қызметінен босатылып, прокуратура олардың үстінен қылмыстық іс қозғады", – деп мәлімдеді Самарқан облысының ішкі істер басқармасының басшысы.
Экс-полицейлерге қатысты іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-бөлігі – "Билік немесе лауазымдық өкілеттерді асыра пайдалану" бойынша тергелуде.
- Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады (видео)
- Қарағандыда ер адам анасын пышақтап тастаған: Куәгерлер оқиға туралы айтып берді
Еске салайық, самарқандтық полицейлер Қазақстаннан келген туристерді ұстап, оларға электрошокер қолданған. Туристер такси күтіп тұрғанда екі полиция қызметкері келіп құжаттарын көрсетуді талап етіп, кейін олармен бөлімшеге баруды сұраған. Полицерлер бұл талабын “коменданттық сағат” режимімен байланыстырған. Алайда қалада жүру бойынша ешқандай шектеу енгізілмегені анықталды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ