Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атасы мен немересі сауда үйіндегі эскалаторда тепе-теңдік сақтай алмай, төртінші қабаттан құлады

Өзбекстанның Науаи қаласындағы сауда үйлерінің бірінде атасы мен немересі эскалатордан құлап кетті. Бесінші және төртінші қабаттың арасында атасы тепе-теңдікті жоғалтып алған. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Repost.uz басылымына сілтеме жасап.

құлап кетті

Әлеуметтік желіде бейне бақылау камерасына жазылған видео тарады. Оқиғадан кейін Ішкі істер басқармасында пікір білдірді.

Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы Қармана ауданының тұрғыны Науаидегі "Жаңа өмір" сауда үйіне 3 жастағы немересімен бірге барған. 



Анықталғандай, ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай, құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында жантәсілім етті, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. 

Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады. 

Талқылау