Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда артық салмақтан арылған тұрғындарға ақша төлемек

Ферғана облысының басшысы Хайролла Бозоров халық депутаттардың облыстық кеңесінің сессиясында облыс тұрғындарының салмағын азайтуға арналған эксперимент жариялады, деп хабарлайды 


Gazeta.uz хабарлағандай, әкім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтірді.

Оның айтуынша, дүние жүзіндегі аурулардың 50-55 пайызы дұрыс емес өмір салты, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау және қимыл-қозғалыссыздықтан туындаса, аурулардың 15 пайызы тұқым қуалаушылық, 10-15 пайызы жүйке аурулары, тағы 15 пайызы басқа да себептерден болады.

“Өзбекстанда бұл көрсеткіш 80 пайыз болса керек. Аурулар дұрыс емес өмір салтына байланысты пайда болады. Біз қант диабетін талдадық. 30 мың адам дұрыс тамақтанбау, стресс, семіздік, әрекетсіздік, жаман әдеттердің салдарынан қант диабетімен ауырды”, – деді Хайрулла Бозоров.

Оның айтуынша, артық салмағы бар тұрғындардың әр келісіне 500 мың сум (шамамен 50 доллар) алатын болады.

“Аудандар мен қалаларда жеке комиссия құрылады. Мысалы, бүгінде адам емханаға барады, тіркеуден өтеді, салмағы 100-150 кг. Алты айда 5 келі салмақ тастаса, 2,5 миллион сум – келісіне 500 мың сум төлейміз”, – деді Ферғана облысының әкімі Хайрулла Бозоров

Артық салмағы бар тұрғындар арнайы бағдарламаға тіркеледі деп күтілуде. Күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ басқа амал жоқ. Бұл Ферғананың тәжірибесі болмақ.


Ғалымдар: Ауаның ластануы балалардың семіздігін тудырады

Талқылау