Өзбекстан Қазақстанға 143 млн доллар қарызын өтеді
Өзбекстан Қазақстанның электр энергиясын жеткізгені үшін соңғы 6 жылдағы 143 млн доллар қарызын қайтарды, деп хабарлады Қазақстанның электр энергетикалық компаниясы «KEGOC».
“”Өзбекэнерго” АҚ 2017 жылдың желтоқсанында электр энергиясын жеткізу және 2011-2017 жылдар кезеңінде электр энергиясын реттеу қызметтерін ұсыну туралы шарттар бойынша «KEGOC» АҚ-ның негізгі қарызын толығымен өтеді”, – делінген хабарламада.
Өзбекстанның 6 жыл бойы қарыз болғанына қарамастан, соңғы жылдары Қазақстан екі елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электр энергиясын жеткізуді жалғастырды.
«KEGOC» АҚ «Өзбекэнерго» АҚ-мен серіктестікті тереңдетуге ниет білдіріп отыр.
Оқи отырыңыз:
Мектеп оқушысы Татарстан президентінің көмекшісі атанды
Ник Вуйчич егіз қыздардың әкесі атанды (фото)
Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады
Ханзада Гарри мен актриса Меган Маркл құдаласу сәтіндегі суреттермен бөлісті