Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан тумасы Артур Калиев ҰХЛ ойыншысы атанды

Фото: theathletic.com

Өзбекстан тумасы Артур Калиев ресми түрде ҰХЛ-дың "Оттава Сенаторз" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz. порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты канадалық команданың баспасөз қызметі жеткізді. 24 жастағы шабуылшымен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген және екіжақты сипатқа ие — бұл оған негізгі құрамда да, фарм-командада да ойнауға мүмкіндік береді.

Өткен маусымда Калиев Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында "Нью-Йорк Рейнджерс" сапында 14 матч өткізіп, 4 (3+1) нәтижелі ұпай жинады.

Артур Калиев Ташкент қаласында дүниеге келген. Алайда екі жасында отбасы АҚШ-қа қоныс аударып, ол сол елде хоккеймен шұғылдана бастады. Жасөспірімдер мен жастар құрамаларында АҚШ атынан өнер көрсеткен. 2019 жылғы НХЛ драфтында оны "Лос-Анджелес Кингз" клубы таңдаған болатын.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 04 Шілде, 2025 18:20
Талқылау